Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болған.
Мәскеудегі зәулім ғимараттың 86-қабатынан құлаған қазақстандық қыз қаза болды. Мәскеудегі Тергеу комитеті қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады Paryz.kz, РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, қыздың есімі Диана Белорукова. Ол "Мәскеу-сити" кешенінің "Око" мұнарасының жан-жақты көруге арналған алаңынан құлаған. Келеңсіз жағдайдың себебін Мәскеу Тергеу комитеті анықтайды.
Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ марқұм Қазақстан азаматы ма, жоқ па, ол да тексеріліп жатыр.