Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыдағы цемент зауытында жарылыс болды

Қазірде мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2018 жылғы қорытындысын қайтарып алу туралы сот өндірісі жүріп жатыр.

Алматыдағы цемент зауытында жарылыс болды
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы цемент зауытында төтенше жағдай болды деп хабарлады Paryz.kz.

Алматы қалалық Экология департаментінің мәліметіне қарағанда, 7 маусым күні кешкі сағат 20.00 шамасында Павлодарская көшесі, 48-де орналасқан өндірістік базада цемент таситын көліктен шикізатты сығынды ыдысқа айдау кезінде төтенше жағдай болған. Оған себеп - цемент таситын көліктің шлангісі жоғары қысымға шыдамай, жарылған.

"Экология департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай орын алған жерге барып, зауыт аумағынан сынамалар алды. Оның нәтижесі ауаға жайылған шаңның рұқсат етілген шоғырлану нормативтерінен асып кеткенін көрсетті. Жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады", - деп мәлім етті департаменттегілер.

Қазірде мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2018 жылғы қорытындысын қайтарып алу туралы сот өндірісі жүріп жатыр.

"Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің сотқа дейін жеткізбей мәселені шешу туралы хаты негізінде қаланың Жасыл экономика басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынан айыру (қайтарып алу) туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді. 2018 жылғы 16 қарашадағы «Өндірістік база» үшін шығарындылар нормативтері (максималды рұқсат етілген шығарындылар)» жобасы бойынша шығарылған және қоршаған ортаға эмиссиялардың күшін жою талап етіледі. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр", - делінген Экология департаменті таратқан хабарламада.