Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкент тұрғыны көлігіне жедел қызметтердің дабыл сигналын орнатып алған

Шымкент тұрғыны өз көлігінің үстіне жедел қызметтердің жарық сигналын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көшеде қыдырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шымкент тұрғыны көлігіне жедел қызметтердің дабыл сигналын орнатып алған
сурет ҚазАқпарат сайтынан

Шымкент қаласының тұрғыны «Лада» маркалы көлігінің үстіне жедел қызметтердің жарық сигналын орнатып алып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз Түркістан қаласының көшелерінде жүрген. Видео әлеуметтік желіде тарады. Сондай-ақ видеодан көліктің терезелері тұмшаланғанын және «ксенон» шамдары орнатылғанын байқауға болады.

«Жедел іздеу шаралары барысында Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция қызметкерлері аудан орталығы көшелерінің бірінен аталған көлікті тоқтатты. Тексеру барысында «Лада« көлігінің алдыңғы терезесі тұмшаланғаны, ал алдыңғы шамдарына «ксенон« орнатылғандығы анықталды. Оған заңмен тыйым салынған», - делінген Polisia.kz порталы таратқан ақпаратта.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері аталған көліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғынына әкімшілік хаттама толтырды. Ал көлік Қазығұрт ауданының айып тұрағына қойылды. Көлік иесі өзінің кінәсін толықтай мойындап, әлеуметтік желіге тараған видеоны осыдан 1 жыл бұрын түсіргенін айтты.