Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында басталған.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.
«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі.