Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарағандыда 24 млн жымқырған құрылыс компаниясы анықталды (ВИДЕО)

Телеарна мәліметінше, көп қабатты үйлердің арзан шатыры мен материалдары енді ауыстырылмайды.

Қарағандыда 24 млн жымқырған құрылыс компаниясы анықталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыдағы құрылыс компаниясы бюджеттен 24 миллион теңге жымқырған. Мердігер мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салған. Бірақ ол үй салғанда арзан материалдар қолданған. Үнемделген ақшаны қалтасына салып отырған. Тексеру кезінде прокурорлар алаяқтық дерегін анықтады, деп хабарлады Astana телеарнасына сілтеме жасаған Paryz.kz. 

Құрылыс компаниясының директоры бес жылға шартты түрде сотталды. Ол келтірген шығынды толығымен өтеп берді. Телеарна мәліметінше, көп қабатты үйлердің арзан шатыры мен материалдары енді ауыстырылмайды.

"Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алуларға жүргізген аудиті аясында 24 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, компания мырышталған болаттан жасалған арзан материалдар пайдаланған, ал мемлекеттік бағдарлама аясында алюминий панельдер пайдалануы керек еді", - деді Қарағанды ​​облысы прокуратурасының өкілі Дархан Хасенов.