Төрт адам көз жұмды. Бұл туралы УНН басылымы хабарлайды.
АҚШ-тың Техас штатында жеңілмоторлы ұшақ мәжбүрлі қону кезінде апат болды.
Техастың қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметі бойынша, оқиға салдарынан екі ер адам мен екі әйел адам көз жұмған. Ұшақ Остиннен шығып Луизианаға бара жатқан.
Қозғалтқыш сыр бергенін байқаған ұшқыш әуе көлігін Хиллтоп-Лейк әуежайына қондырмақ болған.
Апат болған ұшақ америкалық Piper Aircraft компаниясына тиесілі.