Талғар аудандық сотында риэлтор мен жергілікті экс-шенеуніктерге үкім шығарылды, олар Алматы әуежайының жанындағы жер учаскелерін заңсыз сатқаны үшін айыпталды. Олардың құқық бұзушылықтары салдарынан 2019 жылы Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сот шешіміне сәйкес, барлық сотталушы әуе айлағының жанындағы жерді заңсыз бергені үшін кінәлі деп танылды. Жаза тағайындау кезінде сот Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасауды қолданып, оларға тағайындалған мерзімдерді 1/4 бөлігіне қысқартты. Мұндай шешім 2013-2014 жылдары жасалған қылмыстарға байланысты қабылданды. Нәтижесінде:
Еске салайық, риэлтордан басқа барлық экс-шенеунік өз кінәсін мойындады. Олар бас бостандығынан айырылмайтын жаза тағайындауды сұрады және соттан кәмелетке толмаған балалардың, қарт ата-аналардың болуын және жасаған ісіне өкінетінін ескеруді сұрады.
Риэлтор Нұрайым Алданыш қылмыстық іске қатысы жоғын айтып, оны толық ақтауды сұрады.
Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты.