Оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған.
Алматыда 49 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған.
Өз-өзіне қол жұмсаған 1972 жылы туған әйелдің психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.
"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Оқиғаға қатысты тергеп, тексеру жұмыстарын Алмалы ауданының полиция басқармасы жүргізуде", – делінген хабарламада.