Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елордадағы аулалардың бірінде бүлдіршін саусағынан айырылды

Аталған оқиға елорданың Байқоңыр ауданындағы Кеншілер көшесі, 2 үй мекен-жайында болған және аудан әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына көмек көрсеткен.

Елордадағы аулалардың бірінде бүлдіршін саусағынан айырылды
Фото: ашық дереккөз

Елордада аулалардың бірінде кішкентай бала жарақат алып, саусағына ампутация жасалды. Сырғанақ бөлшектеліп, ауладан шығарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

«25 сәуір күні кешке 4 жастағы бала ауруханаға түсті. Анасының айтуынша, бала сырғанақтан түсу кезінде саусағын қысып алған. Салдарынан сол қолындағы шылдыр шүмек саусағының үстіңгі жағына ампутация жасалды. Травматологиялық пункт деңгейінде жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді, тұқыл жасалып, гипс салынды. Бала амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп жауап берді елордалық Денсаулық сақтау басқармасы агенттік сауалына.

Аталған оқиға елорданың Байқоңыр ауданындағы Кеншілер көшесі, 2 үй мекен-жайында болған және аудан әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына көмек көрсеткен.

«Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданының әкімдігі баланың отбасына барлық қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, оқиға орнындағы сырғанақ бөлшектеліп, аумақтан шығарылды. Қазір күннің жылуына байланысты балалардың барлығы аулаға шығады. Сол себепті ата-аналарға мен балаларды қырағы болуға, балаларға қауіпсіздік ережелері туралы айтуға шақырамыз», - деп хабарлады Байқоңыр әкімдігінің баспасөз қызметі.