Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қарағанды қалалық әкімдіктің қызметкері ғимарат терезесінен құлап кетті

Бұл фактіні Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.   

Қарағанды қалалық әкімдіктің қызметкері ғимарат терезесінен құлап кетті

Қалалық әкімшілік ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайтыс болған ер адам 37 жаста болған. Алдын ала дерек бойынша, ол әкімшілікте шаруашылық бөлімінің қызметкері ретінде тіркелген екен.

Бұл фактіні Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.   

«Аталған факт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында. 

Қарағанды әкімдігінің тарапынан қызметкердің қайтыс болу дерегі расталғанымен, қазірше еш мәлімдеме жасалған жоқ.