21 сәуірде Атырау облысында найзағай, шаңды дауыл болады.
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы нашарлап, күн суытатынын ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
«Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2021 жылдың 21-22 сәуір аралығында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген хабарламада.
21 сәуірде Атырау облысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
21 сәуірде Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с жетеді.
21 сәуірде Ақмола облысының күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
21 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
21 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерде күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
21 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.