Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.
Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға.
Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысында құлады.
«Ұшақ апатының болғанын растаймыз және толыққанды ақпараттар жинақталып жатыр. СУ-30 ұшағы құлағаны белгілі. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.
Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.