Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Өз итін аяусыз ұрып-соққан тағы бір адамның үстінен іс қозғалды

Алматы полиция департаменті осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Өз итін аяусыз ұрып-соққан тағы бір адамның үстінен іс қозғалды
Фото: видеодан скриншот

Алматы тұрғыны итін өлімше етіп таяқтың астына алды. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz.

Үй жануарына қатігездік танытқан тұрғын жайлы ақпарат Instagram-дағы inucobo_kz парақшасында жарияланды. Жазба авторы иесі итті таяқпен ұрып-соғып, оған қоса оны үй қақпасынан шығарып тастағанын айтты. Куәгерлер өз көздерімен көргенін мәлімдеді.

Алматы полиция департаменті осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Үй жануарына аяушылық білдірген көршісі құқыққорғаушыларға арыз жазған. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 316- бабы бойынша тіркелген.

"Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілді. Өндіріс барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, шаралар қолданылады",- деді полиция департаментінің өкілі.