Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Көкшетаудағы сауда үйлердің бірінде жас жігіт суицид жасады

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Көкшетаудағы сауда үйлердің бірінде жас жігіт суицид жасады

Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде 19 жастағы жігіт өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды, деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Paryz.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшері қоңырау шалып, сауда үйінде белгісіз ер адамның  жедел жәрдем келіп жеткенше қайтыс болып кеткенін хабарлаған.  

«Келіп түскен хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барды. Оқиғаны тексеру барысында көз жұмған ер адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты», - делінген ведомство хабарламасында. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт үшінші қабаттың баспалдақ жақтауынан бірінші қабатқа секіріп суицид жасаған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.