Баласынан айырылған Жанардан қан тоқтамаған соң ешбір туысының рұқсатынсыз дәрігерлер әйелдің жатырын алып тастапты.
Алматы облысының Панфилов аудандық перзентханасында тағы да ана мен бала көз жұмды. Бар болғаны 24 жастағы Жанар Баратова үшінші баласын босануы тиіс болған. Бірақ Жаркенттегі перзентханадан оның сәбиі мен өзінің мүрдесі шықты. Бұл туралы Paryz.kz "Информбюроға" сілтеме жасап, хабарлады.
Айналдырған 12 күннің ішінде Жанардан айырылып қаламыз деп ешбір етжақыны ойламапты. Жанар 12 күн бұрын ғана іші ауырып, инфекциялық ауруханаға түскен. Бірақ ай күні толған әйелге бір күнде тоғыз система салып, денсаулығын күрт нашарлатты, - дейді марқұмның жолдасы.
"Инфекционныйға жатқызып тастайды, сол жатқызып тастаған күні 9 система салады. 9 системаны әйелім көтере алмай, ауырып, роддомға түседі. Ол кезде ай күні толып тұрған кез. Роддомға бір мен үштің арасында түскен. Түнгі сағат он екіге дейін оған ешқандай дәрігер көз қырын салмаған. 12 ден отыз минут кеткенде әйелімнің жатырынан суы кетіп, баланың жүрегі тоқтаған", - дейді Марқұм Жанар Баратованың жолдасы Бейімбет Мұрат.
Баласынан айырылған Жанардан қан тоқтамаған соң ешбір туысының рұқсатынсыз дәрігерлер әйелдің жатырын алып тастапты. Бірақ бұл отадан кейін де қан тоқтамаған. Тіпті ешбір сақтау талабын білмесем де, Алматыдағы қан орталығынан қан тасыдым дейді марқұмның жолдасы. Туыстарының сөзінше, асқазандағы жара жарылды дегенімен сараптама оны да жоққа шығарған.
"Ал экспертизаның айтуы бойынша, асқазанда ештеңе жоқ. Даже жара жоқ.
Ал дәрігер Жанардың өліміне қан кету себеп болды деді", - дейді марқұмның жары.
"Несінен қан кетті асқазанынан, ішінен. Қан кету ковидке де байланысты болуы мүмкін", - дейді "Панфилов ауданаралық көп салалы ауруханасы" КМК директорының орынбасары Гауһар Байдаханова.
Қара жамылған жанұя егер Жанар коронавирустан қайтыс болса, неге арнайы санитарлық талап бойынша жерленбеді дейді? Мұсылманша жер қойнына тапсырдық деген отбасы Жаркенттегі перзентханадағылар ақша алмаса қарамайды деп күйінеді. Міне дәлеліміз деп дәрігердің бетіне басты.