Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шаңырақ көтеріп жатқан жігіттің қалыңдығы анасының туған қызы боп шықты

Әйел бойжеткеннің 20 жыл бұрын асырап алынғанына көз жеткізу үшін оның ата-анасына жүгінген.

Шаңырақ көтеріп жатқан жігіттің қалыңдығы анасының туған қызы боп шықты
Фото: дереккөз

Сучжоу қаласында қытайлық әйел кинода ғана болуы мүмкін оқиғаны бастан кешті, деп хабарлайды Оriental Daily басылымы.

Әйел баласының үйлену тойына келген. Барлығы ойдағыдай өтіп жатқанымен, қызықты сәт неке қию рәсімінде басталды. Енесі жас келіннің қолындағы меңді байқап қалған.

Мұндай мең оның 20 жыл бұрын жоғалған қызының қолында болған.

Әйел бойжеткеннің 20 жыл бұрын асырап алынғанына көз жеткізу үшін оның ата-анасына жүгінген. Мұндай сұрақ қыздың ата-анасын қатты таңғалдырғанымен, олар мұны жоққа шығармады.

Сол сәтте қалыңдықтың биологиялық анасы өзі екенін айтқанда, көпшілік көз жасына ерік берген. Бойжеткен өзінің туған шешесімен кездесуді жылдар бойы армандаған, бірақ оны таба алмаған.

Анасымен табысу ғажап десек те, той туралы не деуге болады? Болашақ енесі өзінің шешесі болғандықтан, күйеуі – ағасына айналады емес пе?!.

Алайда, қалыңдық үшін бұл мәселенің де түйіні сәтті шешілді. Күйеу жігіт те әйелдің асырап алған ұлы болып шықты. Яғни, әйел қызын табудан үміті үзілген соң, балалар үйінен ер баланы ұл еткен.