Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Хоум Кредит холдингінің иесі тікұшақ апатынан қаза тапты

Оның байлығы 17,5 миллиард долларға бағаланған.

Хоум Кредит холдингінің иесі тікұшақ апатынан қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Чехияның ең бай адамы, PPF Group N.V (Халықаралық инвестициялық-қаржы тобы) негізін қалаушы және иесі Питер Келлнер Аляскадағы Кник мұздығының жанында болған тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлады qamshy.kz, Alaskanewssource сайтына сілтеме жасап.

Тікұшақ апатынан жалпы 5 адам қаза тапқан. Олардың қатарында Петр Келлнерден бөлек, чех турисі, екі гид және ұшқыш бар. Экипаждың тағы бір мүшесі тірі қалған. Алайда оның жағдайы қазір ауыр. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Кәсіпкердің активтері Қазақстанда да болған. PPF Group N.V (Халықаралық инвестициялық-қаржы тобы) - "Хоум Кредит"-тің ірі акционерлерінің бірі. Ал Қазақстандағы "Хоум Кредит банкі" - Хоум Кредит Н.В. холдингінің еншілес компаниясы.

Питер Келлнердің байлығы 17,5 миллиард долларға бағаланған.