Белгілі болғандай, марқұм күндіз мұғалім, ал кешке такси жүргізуші болып жұмыс істеген.
Ош қаласында белгісіз біреулер ер адамды атып кетті. Құқық қорғау органдары Sputnik Қырғызстанға көз жұмған адам №44 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі екенін хабарлаған, деп жазды paryz.kz.
Милицияның ақпаратынша, ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар 23 наурыз күні сағат 8:00-де Кокум Бий көшесіндегі көпқабатты үйдің маңынан тапқан. Белгілі болғандай, марқұм күндіз мұғалім, ал кешке такси жүргізуші болып жұмыс істеген.
Оқ ер адамның кеудесіне тиген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны бытыралы мылтықпен атып кеткен.
Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу басталды, күдіктілер іздестіріліп жатыр.