Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 1993 жылғы тұрғыны ұсталды...

Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды
фото: ашық дереккөз

Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділованың туыстары бойжеткеннің жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған еді. Ол 19 наурызда кешке жұмыстан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлады paryz.kz.

Аяжанның әпкесі 20 наурызда полицияға хабарласып, қыздың жоғалып кеткенін айтты. Жедел тергеу тобы құрылып, олар істің мән-жайын анықтауға кірісті.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қыз жоғалып кеткен күні әлеуметтік желіде танысқан жаңа танысымен кездесуге бара жатқандығы және қыз оның құрбаны болғандығы анықталды", - деп хабарлады полиция.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 1993 жылғы тұрғыны ұсталды. Қазір полиция кісі өлтірудің себебі мен әдісін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.