Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Мылтықты Шерзат алып келді, қайдан әкелгенін білмеймін". Сотта марқұмның тағы бір видеосы көрсетілді

Шерзат Болаттың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың ауруханада тергеушіге берген жауабының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Мылтықты Шерзат алып келді, қайдан әкелгенін білмеймін". Сотта марқұмның тағы бір видеосы көрсетілді

Сотта көрсетілген видеода марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев тергеушілердің сұрақтарына жауап бергені көрсетілген.

Тергеушілер одан "мылтықты қай жақтан шығарды?" деп сұрады. 

«Мылтықты ма? Қайдан алып келгенін білмеймін, інім Шерзат алып келді. Түсінген жоқпын. Племяннигім әкелді. Мен жарты сағатта көлікпен келген болсам, Нұрболат және "гольфпен" тағы бір жігіт келді. Мен екеуімен сөйлестім. Бұл мастықтың әңгімесі екенін, олай болмайтынын айтып, қалай болса да мас адам мастығын істейді ғой деп сөйлестім. Олар "бауырым болды" деді. Сөйтіп мен інімді (Шерзатты – ред.) қайтарып жіберемін. Ол кетеді. Олар бірнеше уақыттан кейін "ініңді шақыр, кешірім сұрай салсын, сонымен халас" деді Нұрболат. Чина, Мина деген біреулерді телефонмен хабарласып шақырды. Жігітше питак берді. Болды дедім. Бірақ бір машина, екінші тағы бір машина келді», – дейді Нұрқанат Ғайыпбаев видеода.

Сөзінше, жігіттер дүкенге кірген.