Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Жамбыл облысында полицей көз жұмды

23 сәуірінде Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.

Жамбыл облысында полицей көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Нұржан Дүнбаев қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Полиция қызметкерінің туыстары мен жақындарына ол жұмыс істеген полиция департаменті мен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл айтты.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дүнбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді. Экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін, — деп жазды воемство басшысы.