Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Зерендіде трактор оқушы қызды қағып кетті

Желіде трактор қыз баланы жолдан өтіп үлгермек болған кезде қағып кеткен. Учаскелік полиция қызметкері оқиға туралы әлеуметтік желіден біліп, ЖКО қатысушыларын іздей бастады.

Зерендіде трактор оқушы қызды қағып кетті
фото: видеодан скриншот

«Оқиға 17 сәуірде Ленин-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды. Трактор жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 600-бабы 1-бабы, 595-бабы 1-бабы, 611-бабы 2-бабы бойынша жауапқа тартылды», - деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құқық қорғау органдары оның нәтижелерін алғаннан кейін қосымша шаралар қабылдайды.