Қарағанды облысының Теміртауда ерлі-зайыпты пәтерімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды paryz.kz.
Өрт көпқабатты үйдің бесінші қабатынан шықты.
Өртті көршілері ерте анықтап, қалалық ТЖМ өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт даму кезеңінде сөндіріліп, газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.
«ТЖМ қызметкерлері өрт шыққан пәтердің есігін шанс саймандары арқылы ашып, ішінен 1982 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел адамды шығарып құтқарды. Күйік шалған пәтер иесі мен оның жану өнімдерімен уланған жұбайы ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.