Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматы облысында 3 адам мінген көлік суда қалып қойған

Өзеннің ортасында тұрып қалған көліктен үш адам құтқарылды, деп хабарлады paryz.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 3 адам мінген көлік суда қалып қойған
Фото: ТЖМ

Оқиға Алматы облысының Кеген ауданында Ерсу ауылының маңында болған. Өзенді кесіп өтпек болған жеңіл көлік суда қалып қойған.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жетіп, суға батқан көліктен 3 адамды эвакуациялады», - деп жазылған хабарламада.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.