Жер сілкінісінің ошағы Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде болды. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлады.
"2025 жылдың 10 сәуірінде Астана уақыты бойынша 01:40-та (Гринвич уақыты бойынша 9 сәуірде сағат 20:40) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде жер сілкінісі болды", - делінген хабарламада.
Орталықтың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы mb=4,3 болды.
Энергетикалық класс K=9,1. Зардап шеккендер, дүмпулердің сезілуі мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының порталында Қазақстанның батысында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат жоқ.