Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматыда қорықшы демалушылардың бірін атып тастады (ВИДЕО)

Алматы облысында қорықшы мен жергілікті тұрғынның арасында жанжал туындап, салдарынан қорықшы ер адамның аяғына оқ атты. Оқиға сәті куәгерлердің бірі түсірген видеоға жазылып қалған, деп хабарлайды paryz.kz sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қорықшы демалушылардың бірін атып тастады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бейнежазбада екі адамның – бірі қолында мылтық ұстаған қорықшы мен екіншісі ер адам – сөзге келіп, дауласып жатқаны көрінеді. Келіспеушілік барысында қорықшы мылтығын оқтап, ер адамның аяғына оқ атады.

Жараланған тұрғын жерге құлап, аяғын ұстап, айқайлай бастайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға далада от жағу себеп болған. Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы облысы

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

«Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, жанжал өзара келіспеушіліктің салдарынан туындаған», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, жан-жақты әрі әділ тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.