Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Белгілі қазақстандық дирижер өмірден өтті

Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлады paryz.kz

Белгілі қазақстандық дирижер өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады», - деп жазған театр әкімшілігі.