Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Түркістан облысында жас жігіт ауылдасының үйін тонаған

Түркістан облысында полиция ауылдасының үйінен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды paryz.kz.

Түркістан облысында жас жігіт ауылдасының үйін тонаған
Polisia.kz

Сауран ауданында 19 жастағы жігіт ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен. Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындырып кірген. Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық болатын бірнеше алтын бұйымды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.