Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Алматыда күзетшіні соққыға жыққан ер адам ұсталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіге шабуыл жасап, соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды paryz.kz

Алматыда күзетшіні соққыға жыққан ер адам ұсталды
фото: видеодан скриншот

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші шлагбаум ашылғанша ұзақ күтіп, бірнеше рет сигнал берген. Күзетші оған сабырлы түрде ескерту жасаған. Алайда қарапайым ескерту күтпеген жерден жанжалға ұласып, жүргізуші күзетшіге жұдырық ала жүгірген.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Бостандық аудандық полиция Басқармасы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті полицияға жеткізілді. Іс жүргізудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.