Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

4 адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Кеше, 23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

4 адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
фото: әлеуметтік желіден

«23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында «ВАЗ» және YUTONG автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған.

Сондай-ақ аталған көлікте отырған тағы 2 кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

« Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығады», — деп мәлім етті Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері.