Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Танымал кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы, танымал кәсіпкерАлександр Машкевич 72жасында дүиеден өтті.

Танымал кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Бұл ақпаратты ERG компаниясы растады.

"2025 жылы наурыздың 22-і күн танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Машкевич 72 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген компания хабарламасында. 

Компания кәсіпкердің қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты. Машкевич Қазақстандағы ең танымал кәсіпкерлердің бірі болды. Ол 2014 – 2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group Директорлары кеңесіне төрағалық етен. Сондай-ақ, А. Машкевич ұзақ жылдар бойы "Еуразиялық банк" АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы болды.