Алматы қаласының орталығында салынып жатқан қонақүй өртенді, деп хабарлайды paryz.kz.
Қонақүй Көктем-3 шағынауданында орналасқан.
Өрт сағат 11:26-да басталған. Алматы ТЖД мәліметінше, өртсөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін бес минут ішінде жеткен.
«Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыстан қалған қоқыс өртенгені анықталды. Сағат 11:55-те 10 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді», – деді ведомство өкілі.