Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алматыда зейнеткер әйеліне күштеп жаттығу жасатқан

«Мой Алматы» Telegram-арнасында жарияланған видеода зейнеткердің жасы келген әжейді жұлқылап, жаттығу жасатып жатқанын көруге болады, деп хабарлады paryz.kz Azattyq Rýhy.сайтына сілтеме жасап.

Алматыда зейнеткер әйеліне күштеп жаттығу жасатқан
фото: видеодан скриншот

Оқиға Алматы қаласында «Әділет» тұрғын үйінің ауласында болған. Видео авторы ер адамның бұлай ұрып-соғуы бірінші рет емес екенін айтады.

«Осылай күнде ұрады. Істегісі келмесе, қинап несі бар?!», – дейді авторы.

 Алматы полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Осы оқиғаға қатысты «102» басқару пультіне хабарлама, қоңырау түскен жоқ. Дегенмен қазір Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген полиция жауабында.