Алматыда мопед пен бетон араластырғыш жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды paryz.kz.
Қайғылы оқиға 18 наурызда кешке Қарасу шағынауданында болған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, мопед жүргізушісі Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта келе жатып, Қарасу шағынауданында Сүмбіле көшесімен қиылыста "Жол бер" белгісі тұрғанына қарамастан, қиылысқа шығып кеткен.
Сол сәтте солтүстікке қарай жүріп келе жатқан Howo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.