Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жамбыл облысындағы балабақшада 10 бала инфекция жұқтырған

17 наурызда Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне келіп түскен, деп хабарлайды paryz.kz.


Жамбыл облысындағы балабақшада 10 бала инфекция жұқтырған
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, 9 балаға жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.

«1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда). Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, орын алған жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда», – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінгі таңда Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастады, барлық сынамалар алынған, қорытындысын күтіп отыр.

«Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілген. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда», - дейді әкімдіктегілер.