Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Ақтөбе облысындағы айналма жолда су тасыды

Бұл туралы "Қазавтожол" телеграм каналы жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбе облысындағы айналма жолда су тасыды
фото: видеодан скриншот

2025 жылғы 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді.

Тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құрады. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген ақпаратта.