Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Денесінің сау жері жоқ: Алматы облысында жас ана жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматы облысында 21 жастағы жас ана 6-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Денесінің сау жері жоқ: Алматы облысында жас ана жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: baq.kz

Қайғылы жағдай Қарасай ауданындағы Асыл Арман тұрғын үй кешенінде болған. Марқұмның артында бір жастағы ұлы қалды.

Оқиғаны Алматы облыстық ПД растады.

Қайтыс болған Ажар Тәуекелқызы 2004 жылы туған. Екі жыл бұрын мектепте өзімен бірге оқыған жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда ата-анасы қыздары тұрмыс құрғалы таяқтан көз ашпады деп отыр.

Қызымның көрген күні күн болмады. Артында бір жастағы ұлы жетім қалды. Талай рет таяқ жеді. Бір рет талдырып ұрып тастапты. Үнемі қылқындырып ұратын. Дәлел ретінде суреттері де бар. Қайтыс боларын бір күн бұрын үйге келіп, апасын 8 наурызбен құттықтап кетті. Ертеңінде қайтыс болғанын естідік, - дейді анасы Гүлжан Жақып.

Ата-анасы қыздары өзіне қол жұмсады дегенмен келіспейтіндіктерін айтты.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.