Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақтөбелік әйел ерін пышақтап өлтірген

Жем қаласында тұратын ерлі-зайыптылар жанжалдасып, соңы өліммен аяқталған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбелік әйел ерін пышақтап өлтірген
Фото: istockphoto.com

51 жастағы әйелдің айтуынша сол күні күйеуі досымен бірге ішімдік ішкен. Ол уақытта өзі күйеуіне тамақ әзірлеп жатқан. Бірнеше стақан ішкеннен кейін масайып қалған күйеуі әйелін балағаттап, «өзінің есебінен күн көріп отырғанын» айтқан. Сөйтіп әйелді маңдайынан бір рет ұрып құлатқан. Екінші рет ұрмақ болған кезінде қорғану үшін қолындағы ет турап тұрған пышағын жұмсаған. Бірақ пышағын сұғып алдым деп ойламаған. Ері сол жерде отырып қалған. Ері ұйықтап қалды деп ойлап, пышақты батареяның артына тығып, жатын бөлмесіне ұйықтауға кеткен. Кешкісін ұйқысынан оянып, ас үйге келгенде ғана ерінің көз жұмғанын білген. Түні бойы жатын бөлмесінде отырған. Таңда ауыл әкімі мен әлеуметтік қызметкер келген.

Сол кезде күйеуін өлтіретін ойы болмағанын, күйеуінің өзін бұрыннан ұратынын айтқан. Алайда сот-медициналық сараптамасы пышақтың өмірлік маңызы бар органға әжептеуір күшпен сұғылғанын, яғни әйелдің оны өлтіру ойы болғанын көрсетті. Сотта ауыл әкімінен де жауап алынған.

Әкім әйелге бірнеше мәрте көмектескенін, құжаттарын реттеп, баспана беріп, жұмысқа тұрғанын, бірақ ешқандай нәтиже болмағанын жеткізген. Сот әйелді адам өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды.