Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Астанада жүргізушілер жолға таласып, төбелес шығарды

Астанада екі жүргізуші жолға таласып, көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Астанада жүргізушілер жолға таласып, төбелес шығарды
фото: видеодан скриншот

Оқиғаны жүк көлігінің жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Кадрларда жігіттердің бір-біріне жұдырық ала жүгірген көруге болады. Сондай-ақ олардың бірінің әйелі оларды ажыратуға тырысқаны да видеоға түсіп қалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушылар ұсталып, оларға ұсақ бұзақылық бойынша айып тағылған. Енді олар әкімшілік сот алдында жауап береді.