Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шұғыл: Атырауда жарылыс болды

Атырауда "Ембімұнайгаз" АҚ қарасты "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шұғыл: Атырауда жарылыс болды
фото: видеодан скриншот

PetroCouncil.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды түсіруде газ шығуы орын алған.

«Бұл сорапты-компрессорлық құбырдың істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шеккендер жоқ. ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс істеп жатыр», - делінген "Ембімұнайгаз" АҚ Қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.