Тараз қаласында дүкен мен тез тамақтану дәмханасында өрт шықты, деп хабарлады Paryz.kz.
Оқиға Жамбыл даңғылы бойында болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, дүкеннің шатыры мен дәмхана ғимараты жанған.
Қызыл жалын аумағы - 50 метр. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер алапат өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Осы ретте ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.