Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

Түркістан облысында құқық бұзушыны қуу кезінде жол-патрульдік полиция инспекторы көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

— Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.