Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Еліміздегі 9 өңірде дабыл жүйесі іске қосылады

6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде  «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.


Еліміздегі 9 өңірде дабыл жүйесі іске қосылады
Фото: istockphoto.com

Іс-шара «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша ұйымдастырылады. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.