Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Бала терезені аша алмаған». Бүтін бір отбасы мерт болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты бес баласымен бірге ажал құшты, деп хабарлайды Paryz.kz КТК-ға сілтеме жасап.

«Бала терезені аша алмаған». Бүтін бір отбасы мерт болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Фото: gov.kz

Олар газға тұншығып қалған. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болды.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, марқұмдардың уланып өлгенін түс уақытында үйіне келген көршілері көріп, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ ол кезде бәрі кеш болды.

Туыстарының айтуынша, оқыс жағдай жылыту пешінің мұржасына қатқан мұздан болған. Улы газ үй ішіне жайылып, жеті адам тіл тартпай кеткен.

Көршілерінің шақыртуымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үйден жеті адамның газға уланып, ісініп кеткен мәйітін тапқан. 

Оның бесеуі - кәмелетке толмаған бала. Марқұмдардың туыстары улы газ шатырдың саңылауынан үйге тарағанын айтады. Осы сәтте ұйықтап жатқан бес баланың бірі оянып, үлкендерге хабарлағысы келген. Алайда есігі ішінен кілттеулі ата-анасының бөлмесіне кіре алмапты. Жалма-жан үйдің терезесін ашуға жүгірген кішкентай бала пердеге асылған күйі ажал құшыпты, - деп жазылған арна мәліметінде.

Осы оқыс жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр. Айта кетсек, қайғылы оқиға, 2 наурызда болған еді.