Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Дәретханада босанып, сәбиі шұңқырға құлап кеткен әйел өзінің жүкті екенін білмей келген

Өзбекстанда жүкті әйел өзінің аяғы ауыр екенін білмей әжетханада босанып қойған. Бұл оның отбасындағы бесінші бала болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі NOVA24.uz сайтына сілтеме жасап.

Дәретханада босанып, сәбиі шұңқырға құлап кеткен әйел өзінің жүкті екенін білмей келген
фото: әлеуметтік желіден

Дәретханадан құтқарылған шақалақтың салмағы – 3,7 келі, ұл бала. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Нәресте шұңқырда 2 сағатқа жуық уақыт болған. Содан кейін ғана тәртіп сақшылары құтқарып, дәрігерлерге тапсырған.

«Тәртіп сақшылары сәбиді құтқару үшін шұңқырды қазуына тура келді. Баланы инспектор Сардор Сафаров алып шыққан. Сәби орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, арнайы жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деп түсіндірді жергілікті БАҚ. 

Дәрігерлер нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық екенін атап өтті. Ал сәбиге құтқарып қалған инспектордың есімін беру жоспарланып отыр.

«Жарақат алған баланың анасы өзінің жүктілігі туралы білмейтінін, токсикозбен ауырмағанын және нәрестенің құрсағында қозғалғанын сезбегенін, сондықтан емханаға барып, тіркелмегенін айтты», - делінген хабарламада.