Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 3 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:05-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99.
Магнитудасы – 4.3. Сейсмологтардың ақпаратынша, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.