Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Маңғыстау облысында пойыз басып кеткен ер адам екі аяғынан айырылды

Маңғыстау облысында пойыз астына түскен адамның ісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстау облысында пойыз басып кеткен ер адам екі аяғынан айырылды
фото: видеодан скриншот

«28 ақпанда Маңғыстау облысының Опорная станциясында пойыз қозғала бастаған кезде адамды қағып кету фактісі бойынша «Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Айта кетерлігі, 28 ақпан күні сағат 21:46-да Боранқұл станциясында ер адамды пойыз қағып кеткен болатын. Жәбірленуші екі аяғынан айырылып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. ҚТЖ хабарлағандай, оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің қауіпсіздік ережелерін бұзуы: рұқсат етілмеген жерден темір жолды кесіп өту.