Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Сенер емеспін»: Қазақстандық танымал әнші жол апатынан қаза тапты

Қазақстандық әнші Асқар Дүйсенов жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Сенер емеспін»: Қазақстандық танымал әнші жол апатынан қаза тапты
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр.

"Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана, Әлеке былай істесек қалай болады?- деп жүрген інім еді ғой…. Бүгін осындай хабар келді!!! Алла қасиетті жұма күні, рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің…. Қош, бауырым!", - деп жазды жақыны Серғалиев Әлібек.

Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің тағын жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді. Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл трассасының 31-ші шақырымында болған.

“Газель” мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан. Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.