«Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында 4 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан.
Соққы салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.
«Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция өкілдері.