Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Шымкент көшелерінде жол ережелерін өрескел бұзып, білгенін істеген жүргізушілер қолға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды
фото: видеодан скриншот

Шымкент қалалық ПД мәліметінше, жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде автокөліктер кортежін анықтады. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Атап айтқанда: қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген, оның ішінде кейбірі терезесінен басын шығарып тұрған. Осылайша олар өзінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін елемеген. Ал темір тұлпарға орнатылған жыпылықтайтын маяктар жалған төтенше жағдай тудырып, басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген. 

«Тәртіп сақшылары мұндай бассыздықтың жолын кесті. Кортеж қатысушылары досының тойынан шығып, осылайша мерекелеуді жалғастырғаны белгілі болды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қарсы жолаққа шыққандар көлік жүргізу құқығынан айырылды. Полиция жолдағы немқұрайлылық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады», - делінген ПД хабарламасында.